Стамбулдағы еліміздің Бас консулдығы Түркиядағы қазақстандық студенттерге үндеу жасады

Жарияланды
Фото: shutterstock.com

Қазақстанның Түркиядағы консулдығының дерегінше, қазіргі уақытта елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде 2023 жылғы 6 ақпанында болған жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артып келеді. Ел билігі мемлекеттік жатаханаларды уақытша баспана ретінде қолдану туралы шешім қабылдады. Осыған орай, Бас консулдық қазақстандық студенттерге кеңес пен көмек алу үшін қажетті телефондарды жария етті.

 «Түркия президенті елдегі жоғары оқу орындары онлайн оқытуға көшетінін хабарлады. Мемлекеттік жатақханалар жер сілкінісінен зардап шеккендерге уақытша баспана ретінде пайдаланылады. Бұл хабарландыру жекеменшік немесе жалдамалы пәтерлерде/жатақханада тұратын студенттерге қолданылмайды. Тиісінше, Түркияда жатып онлайн оқуға мүмкіндік болады», – делінген хабарламада.

Түркия Республикасының Анкарадағы елшілігіне қатысты облыстар: Анкара, Ушак, Афьон, Конья, Кютахья, Эскишехир, Биледжик, Болу, Аксарай, Невшехир, Ниде, Кыршехир, Кырккале, Чанкыры, Карабюк, Зонгулдак, Бартын, Кастамону, Чорум, Йозгат, Кайсери, Мараш, Османие, Хатай, Чорум, Синоп, Амасья, Самсун, Токат, Орду, Сивас, Малатья, Адыяаман, Газиантеп, Килис, Шанлыурфа, Елазыг, Тунджели, Эрзинджан, Гиресун, Гюмюшхане, Трабзон, Байбурт, Бинголь, Диярбакыр, Мардин, Батман, Ширнак, Сиирт, Хаккари, Битлис, Ван, Муш, Агры, Эрзурум, Карс, Ыгдыр, Ризе, Артвин, Ардахан
1. Консул Темірлан Сайлауұлы – +90 538 880 70 41;
2. Үшінші хатшы Дәурен Көбенов – +90 536 673 78 07;
3. Консулдың көмекшісі Әлихан Нұрсейітов – +90 552 896 07 04;
4. Кезекші комендант – +90 312 491 91 00.
Электрон пошта: ankara@mfa.kz.

Анталиядағы Бас консулдыққа қатысты облыстар: Анталия, Мугла, Денизли, Бурдур, Испарта, Караман, Мерсин
1. Вице-консул Әсем Бәйтішова – +90 553 941 42 75;
2. Қызметкер Жандос Ранов – +90 536 489 64 11;
3. Кезекші комендант – +90 242 324 26 11;
Электрон пошта: antalya@mfa.kz;

Түркия Республикасының Ыстамбулдағы Бас консулдығына қатысты облыстар: Ыстамбул, Измир, Бурса, Сакария, Текирдаг, Эдирне, Киркларели, Кожаели, Ялова, Дүзже, Чанаккале, Балыкесир, Маниса, Айдын
1. Консул Қанат Тұрубаев – +90 541 116 53 86;
2. Консул Ертай Ерғалиұлы – +90 506 774 53 77;
3. Кезекші комендант – +90 212 662 53 47;
Электрон пошт: istanbul@mfa.kz.

Бұған дейін Түрік вицепремьері Фуат Октай жер сілкінісінен құрбан болғандардың саны 24 мың 617 аламға жеткенін мәлімдеген болатын. Апат болған аймақтарда 32 мыңнан аса іздеу-құтқару командалары жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында қазақстандық құтқарушылар да бар. Сонымен қатар, елімізде қайырымдылық кампаниясы да жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз