Антикор Bek Air ұшағының апатына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр

Жарияланды
Сотрудников КГА привлекут за бездействия
Bek Air ұшағы 2019 жылы апатқа ұшырады. Фото ААК

Антикордың елордалық департаменті Азаматтық авиация комитеті қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Алматы қаласы əуеайлағының ұшуға жарамдылығы
сертификатын 2018 жылы заңсыз берген деген айып тағылған. Ол 2019 жылы «Fokker-100» ұшағының апатқа ұшырауына əкеп соққаны белгілі. Бұл туралы Бас прокуратураның депутаттық сауалға берген жауабында жазылған.

Қазіргі уақытта аталған əуеайлақ аумағына жақын 23 тұрғын үй орналасқан.

2021 жылдың қазан айында ААК мамандары Алматы әуежайының ұшу-қону жолағын зерттеп, аэродромды пайдалануға жарамдылық нормаларынан ауытқу анықтаған.

Бұл ретте, әуежайға анықталған бұзушылықтарды жою шартымен шекті мерзімге – 2023 жылғы 20 сәуірге дейін әуеайлақ сертификаты берілген.

«Елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті
Қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы (қызметтегі əрекетсіздік) бойынша
ААК-нің қызметкерлеріне қатысты 2018 жылы («Fokker-100» ұшағының апатқа
ұшырауына əкеп соққан) Алматы қаласы əуеайлағының ұшуға жарамдылығы
сертификатын заңсыз беру жөніндегі қылмыстық істі тергеп-тексеруде», делнген жауапта.

Лауазымды адамдардың іс-əрекеттеріне түпкілікті бағалау тергеу қорытындысы
бойынша берілетін болады.

Bek Air әуе компаниясының Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған ұшағы Алматы маңында апатқа ұшырады.  Таңғы 07 :22 кезінде № Z2100 рейсті ұшақ көтерілу биіктігін жоғалтып, бетон қоршауды бұзып, екіқабатты құрылыс нысанымен соқтығысқан. Әуе апаты салдарынан, 12 адам қаза тауып, 49 адам зардап шеккен. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болған.

2021 жылы Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риелторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға дейін сотталды.

Сондай-ақ оқыңыз