Қазгидромет алдағы күндері 3 өңірдегі өзендер суының көтерілетіндігі туралы ақпарат таратты- деп, хабарлайды ҚазАқпарат.
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2023/02/1623300856_39-pibig_info-p-burnaya-reka-priroda-krasivo-foto-42-1024x597.jpg)
«13-15 ақпан аралығында Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болжанады. Сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағындының қалыптасуы салдарынан өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі мүмкін. Бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы ескертіледі», – делінген хабарламада.