Еуразиялық банк Өзбекстанда еншілес банк ашуға өтініш берді
Еуразиялық банк Өзбекстанның Орталық банкіне осы елде еншілес ұйым ашуға өтініш берді. Бұл туралы «Курсив Өзбекстанға» қаржы институтының басқарма төрағасы Ләззат Сатиева хабарлаған.
Сатиева еншілес банк ашуға рұқсат алу туралы өтініш Өзбекстан Республикасының Орталық банкіне 2022 жылдың желтоқсан айында берілгенін атап өтті. Осыған дейін Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұйымға Өзбекстанда еншілес компания ашуға рұқсат берген. Оның айтуынша, Өзбекстанда банктерді лицензиялау процедурасы екі кезеңнен тұрады.
«Бірінші кезеңде Өзбекстан Республикасының Орталық банкі банк құруға алдын ала рұқсат береді. Екінші кезеңде лицензия беріліп, мемлекеттік тіркеуден өтеді», деп түсіндірді Еуразиялық банктің топ-менеджері.
Ләззат Сатиева қаржы ұйымы Өзбекстанда цифрлы банкинг өнімдерін дамытуды мақсат етіп отырғанын айтты. Оның айтуынша, қазір Өзбекстанның бөлшек несие сегментінде тұтынушылар тәжірибесі мен өнім үшін белсенді бәсеке жүріп жатыр. Бұл ел экономикасының белсенді дамуы мен тұтынушы сұранысының өсуіне байланысты.
«2020 жылдан бастап банк бөлшек бизнесті цифрландыру стратегиясын жүзеге асырып келеді. Мәселен, роботтандырылған жүйені қолдана отырып, қарыз өндірудің тиімділігін арттыра алды. Несие бойынша мерзімі өткен екі апталық кезеңде ол 83 пайызды құрайды», деді Сәтиева.
Бүкіл тіркеуден өткен соң, Еуразиялық банк Өзбекстан нарығында енген екінші қазақстандық қаржы институтына айналады. Халық банктың еншілес ұйымы Tenge Bank Өзбекстанда 2019 жылдан бері жұмыс істейді. 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, ол Өбекстандағы 32 банк арасында актив келемімен 19-орынды иеленді.
Қазақстанда Еуразиялық банк депозиттердің жылдық өсімі бойынша екінші орында келеді: бір жылда 68,8% көбейіп, 1,88 трлн теңгеге жетті. Заңды тұлғалар сегментінде қаржы институтындағы депозиттер бір жылда 61,8% артса, жеке тұлғалар сегментінде 78,1% өскен.
Еуразиялық банк басшылығы 2017 жылы-ақ Өзбекстанда филиал ашу жоспарланып отырғанын хабарлаған. Одан кейін қаржы институты бұл нарыққа шығудың түрлі нұсқасын зерттеп жатқаны айтылды. 2021 жылдың мамырында банктің бұрынғы басшысы Валентин Морозов банктің нарыққа шығуы «өзбек реттеушілеріне байланысты болады» деп атап өтті, бірақ егжей-тегжей мәлімет бермеген.
Банктің бас берефициары – «Еуразиялық қаржы компаниясы». Оның акцияларын қазақстандық олигархтар Мұқадасхан Ибрагимова, Патох Шодиев және Александр Машкевичке тең (әрқайсысы 33,3%) иелік етеді.