Қазақстанда инженерлік желілердің 70%-ға жуығы цифрландырылды

Жарияланды

Елімізде мемлекеттік қала құрылысы кадастрының цифрлы қорын қалыптастыру аясында инфрақұрылымдық деректерді цифрландыру жұмысы жалғасып келеді. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Фото:strategy2050.kz

Қала құрылысы кадастрының цифрлы қоры жыл сайын елді мекендердегі құрылыс аумақтарындағы инженерлік инфрақұрылымның деректерімен толықтырылып отырады.

Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша инженерлік желілердің 69,3% цифрландырылды. Бұл ретте 2021 жылы аталған көрсеткіш 63,1% деңгейінде байқалған еді.

Биыл республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өңірлердегі 80 мың гектардан артық құрылыс аумағын түгендеу жоспарланып отыр.

Осы арқылы 2023 жылдың соңына қарай қажетті қаржыландыру болған жағдайда инженерлік желілердің 88%-ы цифрландырылады деп болжануда.

Естеріңізге сала кетейік, елді мекендердің инфрақұрылымдық деректерін (аудан орталықтарының деңгейіне дейін) толық цифрландыруды 2024 жылдың соңына дейін жүзеге асыру көзделген. 

Сондай-ақ оқыңыз