Венгрия Еуропарламентті жемқор деп айыптады
Жарияланды
Венгрия Сыртқы істер министрлігі Еуропарламентті әлемдегі ең жемқор құрылымдардың бірі деп атады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Министр Петер Сийярто сыбайлас жемқорлық жанжалдары органның беделін «нөлге» төмендеткенін атап өтті.
Венгрия Сыртқы істер министрі сондай-ақ, Еуропарламент құрылымы тек зиян келтіретінін атап өтті.