Жаңа Зеландияның солтүстігінде төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Хабар 24. хабарлады. Тұрғындарға тропикалық «Габриэль» циклоны қауіп төндіріп тұр.
Қатты желдің салдарынан 55 мыңға жуық үй жарықсыз және байланыссыз қалды. Мегаполисте қоғамдық көліктер мен қала маңындағы пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. Көптеген мектептер, балабақшалар, кітапханалар мен спорт нысандары жабылды.
Метеорологиялық қызметтің болжамына сәйкес, алдағы күндері елде циклонның әсерінен ауа райы нашарлайды. Қатты жаңбыр жауып, екпінді жел күтіледі.