2030 жылға қарай елордада 2,5 миллион адам тұруы мүмкін – Көлгінов

Жарияланды
Фото: kursiv.media

2030 жылға қарай елордада 2,5 миллион адам тұруы мүмкін. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов айтты.

«Бас жоспарға сәйкес квадратура тығыздығының стандарты бар. Полицентрлік принципі бойынша бұл әр ауданда әлеуметтік нысандар болуы керек дегенді білдіреді. Халықтың қарқынды өсуін, жаңа аудандардың ашылуын, көлік санының ұлғаюы қаланың жаңа Бас жоспарында ескеріледі», – деді Алтай Көлгінов Үкімет отырысынан кейін.

Оның айтуынша, алғашқы бас жоспар бойынша елордада 800 мың адам тұрады деп жоспарланған.

«2010 жылы бекітілген бас жоспарда 2030 жылы елордада 1 млн 200 мың адам тұрады деп көзделді. Алайда біз бұған 2020 жылы жеттік. Осының бәрін ескеріп, жаңа Бас жоспар бойынша жұмыс істеліп жатыр. 2030 жылға қарай елорда тұрғындарының саны 2 млн – 2,5 млн болуы мүмкін», – деді Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, Алтай Көлгінов 2019 жылдан 13 маусымынан бастап 2022 жылдың 8 желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімі қызметін атқарды. 2022 жылдың желтоқсанында премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз