Түркиядағы құтқарушылар елге оралған соң марапатталады

Жарияланды
Қ.Тоқаев М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы студенттерінің алдында сөз сөйледі , Фото: aqorda.kz

Түркияда күндіз-түні жұмыс істеп жатқан құтқарушыларға алғыс айтқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев олар елге аман-есен оралған соң оларды міндетті түрде марапатталатынын айтты.

«Бұл – ең алдымен, құтқарушы мамандарға жүктелетін зор сенім, үлкен жауапкершілік. Құтқару қызметі – өте маңызды сала. Соңғы кезде жер жүзінде төтенше оқиғалар жиілеп барады. Жұртымыз мұндай қауіп-қатерге әрдайым дайын болуы керек. Сондықтан осы салада қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегі еліміз үшін өте маңызды», деді Мемлекет басшысы Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы студенттерінің алдында сөйлеген сөзінде.

Бұл академия жыл сайын 150-ден астам офицер даярлап шығарады. Үкіметаралық келісімдер аясында академияда Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтарының білім алуына квота бөлінген.

Айта кететін жайт, Президенттің тапсырмасына сәйкес биылдан бастап құтқарушылардың еңбекақысы 10-нан 70 пайызға дейін көтеріледі.

Сондай-ақ оқыңыз