Байқоңыр тұрғындарына соғысқа қатысқаны үшін 260 мың рубль ұсынылмақ

Жарияланды
байконур
Украинамен соғысқа баратындарға төлем 20 күн ішінде төленеді Фото: Shutterstock

Украинаға соғысқа баруға бел буған Байқоңыр тұрғындарына 260 мың рубль көлемінде бір реттік жәрдемақы төленбек. Бұл туралы қала әкімдігінің қаулысында айтылған.

«Мобилизацияға іліккен азаматтарға, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын, арнайы әскери операцияға қатысуға өз еркімен ниет білдірген және әскери қызмет өткеру туралы келісім-шарт жасасқан адамдарға әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 260 мың рубль мөлшерінд біржолғы ақшалай қаражат белгіленсін», делінген қаулыда.

Қалалық прокуратураның хабарлауынша, соғысқа баратын байқоңырлықтардың әлеуметтік кепілдіктері басқарманың бақылауында болады.

Соғысқа ерікті түрде барғысы келгендерден өтініш түскен күннен бастап, ақша өздері көрсеткен шотқа 20 күн ішінде түседі.

Байқоңыр – әлемдегі ең үлкен ғарыш айлағы. Оның негізі КСРО кезінде қаланған, 1957 жылы жұмысын бастады. Ғарыш айлағы Қызылорда облысында орналасқан және зымыран тасығыштарды ұшыруға арналған тоғыз типті 15 ұшыру кешені бар.

Ресей Федерациясы ғарыш айлағын 1994 жылдан бері жалға алып келеді. Екі ел арасындағы келісім 2050 жылға дейін жасалған. Ресей Байқоңырды жалға алғаны үшін жыл сайын 115 миллион доллар төлейді.

2022 жылы Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағын жалға беру үшін 2023 жылы 54 млрд теңге алатыны хабарланған.

Путин 2022 жылдың 21 қыркүйегінде Ресейде ішінара моблизация туралы жариялады. Әскери міндетті азаматтар әскер қатарына шақырылды.

Мобилизация басталған кезде орыстар көрші елдерге ағылды. Қазақстанған 200 мыңнан аса ресейлік келген. Ресей президенті Путин 2022 жылдың 24 Украинаның Донбасс қаласына басып кіріп, соғыс ашты.

Сондай-ақ оқыңыз