Елбасы туралы заң ресми түрде күшін жойды

Жарияланды
Елбасы туралы заң ресми түрде күшін жойды. Фото: kursiv.media

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланды, делінген хабарламада.

Бұған дейін Парламент Тұңғыш Президент – Елбасы туралы туралы Конституциялық Заңның күшін жою туралы Заңды қабылдаған.

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметовтың айтуынша, бұл құжат республикалық референдумда қабылданған өзгерістерді Конституцияға енгізуге мүмкіндік берген.

«Атап айтқанда, 2022 жылғы 8 маусымда Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Ата Заңның 46-бабындағы «ҚР Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілетігі ел Конституциясысы мен конституциялық заңы анықтайды» деген 4-тармақ алынып тасталды», деді Қожахметов Мәжілістің жалпы отырысында.

Депутаттар сол кезде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заңның күшін жоюды көздейтін заң жобасын қабылдауға дауыс берген болатын.

5 маусымда Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты республикалық референдум өтті. Қазақстандықтар дауыс берген маңызды өзгерістердің бірі – Негізгі заңнан Нұрсұлтан Назарбаевты алып тастау болды. Түзетулер сонымен қатар бірінші президент отбасына берілген артықшылықтарды алып тастайды.

Сондай-ақ оқыңыз