Ford үш жылда Еуропадағы 3,8 мың жұмыс орнын қысқартады
Америкалық Ford Motor Co автоөндіруші алдағы үш жылда Еуропадағы 3800 жұмыс орнын қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.

2025 жылға қарай автоөндіруші бөлімшедегі 2,8 мың қызметкерді қысқартып, еуропалық инженерлер штатын қысқартуды жоспарлап отыр. Нәтижесінде Ford-тың Еуропадағы инженерлік құрамы шамамен 3,4 мың қызметкер болып қалады.
Бұған қоса, компания маркетинг және сату сияқты салаларда, сондай-ақ әкімшілік қызметкерлер арасында тағы 1000 жұмыс орнын қысқартады.
Қысқартулардың негізгі бөлігі – 2,3 мың жұмыс орны – Германияда, тағы 1,3 мыңы – Ұлыбританияда, қалғаны – басқа Еуропа елдерінде болады, делінген баспасөз хабарламасында.
Ford-тың Еуропадағы штаты шамамен 34 мың адамды құрайды, оның жартысы Германияда орналасқан.
Сейсенбі күнгі алдын ала сауда барысында компания акциялары тұрақты. Соңғы 12 айда олардың құны шамамен 28%-ға төмендеді.