Мемлекеттік қызметкерлер күні 15 сәуір болып бекітілді

Жарияланды
фото; ғаламтордан

Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтырулар енгізу туралы қаулысы шықты. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметкерлер күні – 15 сәуір».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі»- деп, жазылған   арнайы хабарламада

Сондай-ақ оқыңыз