Алдын ала деркетер бойынша 2022 жылы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 28 311,2 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 6,5% көбейді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы тауарлар экспорты 9 709,8 млн АҚШ доллары (24,3% көп), импорт – 18 601,4 млн АҚШ доллары (0,9% аз) деңгейінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,3%, бұдан әрі Қырғызстан Республикасына – 4%, Беларусь Республикасына – 3,6%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.
ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда химиялық элементтер бойынша 2 есе өсім байқалды. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кендері мен концентраттары бойынша төмендеу байқалады (77,4% аз).
Импорттағы ең үлкен өсім қара металдан жасалған құбырлар мен басқа да түтіктер (мысалы, дәнекерленген, тойтарылған) бойынша өсім байқалды – 2,5 есе. Бұл ретте жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдарының импорты төмендеген (77% аз).