Ресей Орталық Банкі Freedom Holding-тің бизнесін сатуын мақұлдады
Ресейдің Орталық банкі Тимур Турловтың Freedom Holding компаниясына ресейлік еншілес компаниялары «Фридом Финанс» («Цифра брокер») пен «Фридом Финанс» («Цифра банк») банкін бас директордың экс-орынбасары және ФФ инвестициялық компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Максим Повалишинге сатуын мақұлдады. АҚШ биржасы және құнды қағаздары жөніндегі Комиссия сайтында көрсетілген компанияға қатысты деректерге сәйкес, мәміле құны 140 млн$.
Турлов пен Повалишин арасындағы мәмілені РФ Орталық банкі 10 ақпан күні мақұлдаған. Келісім-шартты жасасу ақпан айының соңында аяқталады деп күтіліп отыр. Freedom Holding Повалишинге «Цифра брокер» мен «Цифра банк» компанияларын сататыны туралы өткен жылдың күзінде мәлімдеген болатын. Ресейлік бизнесмен олар үшін 33 млн$ доллар төлеп, 107 млн$ міндеттемелерін өтейді деп болжанған еді. Алайда, жаңа мәліметтерге қарағанда Повалишин бизнесті 140 млн$ сатып алады, ал холдингтің міндеттемелерін шегергенде бұл мәміленің ақшалай мәні 49 млн$ болмақ.