Түркиядағы қазақстандық студенттер отандық ЖОО-на жеңілдетілген тәртіппен оқуға түсе алады
Жарияланды
Түркияда білім алып жүрген қазақстандық студенттер отандық жоғары оқу орындарына жеңілдетілген тәртіппен оқуға түсе алады. Ол үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі құжат қабылдау процесін арнайы өзгертті. Бұл туралы ведомство басшысы Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.
Ол қазірдің өзінде ауысуға ниет білдірушілер бар екенін атап өтті. Енді отандық жоғары оқу орындары қазақстандықтарды да, кандастықтарды да қабылдауға дайын. Сыртқы істер министрлігімен тиісті департамент өкілдері жұмыс істейді. Айта кетерлігі, Қазақстан елшілігінің мәліметінше, Түркияның жоғары оқу орындарында 8 мыңнан астам жерлесіміз білім алуда.