ЕуроОдақ Ресейге қарсы 10 пакет санкция енгізді
Бұл туралы Страсбургтегі Еуропарламенттің пленарлық отырысында Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді- деп, хабарлайды 24.kz
Жазалау шараларын келесі аптада ЕуроОдаққа мүше, барлық елдер мақұлдауға тиіс. Осы жолғы «қара тізімге» Ресейдің 4 банкі енгізілді. Бұдан басқа Иранның 7 ұйымы да шектеуге ілінді. Журналистер мен әскерилерге санкция салынды. Еуроодақтан Ресейге, элек-троника мен реактивті қозғалтқыштарға арналған бөлшектер, радиоқабылдағыштар мен ауыр техника, сирек жер өңдеу элементтерін, тасуға тыйым салынады.
Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия президенті: » Санкциялар пакеті 11 миллиард еуроны қамтиды. Ресейдің қарулы жүйесінде қолданылатын электронды заттарға, дрондар, зымырандар мен тікұшақтарға шектеу енгізуді ұсындық. Алғаш рет Иранның экономикалық операторларына санкция салынады. Арасында Ислам төңкерісінің жасағы бар«-деді ол.