Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Украина Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Зеленский и Токаев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский. Фото: Акорда

Украина тарапының бастамасы бойынша 16 ақпан күні кешке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Екі ел басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады.