НАТО қорғаныс қауіпсіздігі үшін бюджетін ұлғайтпақ

Жарияланды
Фото; хабар 24 сайтынан алынды

НАТО-ға мүше елдер жалпы ішкі өнімінің кем дегенде 2 пайызын қорғанысқа жұмсауы керек. Бұл туралы Хабар 24 сайты ақпарат таратты.

Әскери ұйымның басшысы Йенс Столтенберг осындай ұсыныс жасады. Өйткені, соңғы жылдардағы күрделі геосаяси жағдайға байланысты сырттан қауіп-қатер күшейген. Тиісінше шығын көлемі де артты. Бұған дейін де альянсқа мүше мемлекеттер 2024 жылға қарай қаржы мөлшерін 2 пайызға арттыру туралы уағдаласқан болатын. Сарапшылар қазірдің өзінде 10 мемлекет аталған мақсатты орындауға дайын. 13 ел бұл көрсеткішті 1 жарым пайызға жеткізген. Сондай-ақ НАТО өкілдері Украинаға әзірге атқыш ұшақтар жібермейтінін, бірақ қолдан келген көмекті аямайтынын мәлімдеді. Йенс Столтенберг, НАТО Бас хатшысы: – Бұл мәселені біз өткен жылдан бері көтеріп келеміз, бірқатар кездесу өткіздік. Дұрыс бағытта келе жатқан сияқтымыз. АҚШ, Франция мен басқа да одақтастар келісім-шартқа қол қойды. Осылайша қорғаныс өндірісінің көлемі біртіндеп артып келеді. Оның үстіне, қазір көп оқ-дәрі жұмсалып жатыр.  

Сондай-ақ оқыңыз