Премьер-Министр өндірушілерің ішкі нарыққа жанар-жағармайды үздіксіз жеткізуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ кез келген жағдайға уақытылы жедел әрекет ету үшін қорлар мен сатылымдарға тұрақты режимде мониторинг жүргізу қажет деді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстанның ішкі нарығын жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері талқылған.
«Атап айтқанда, егіс науқанының қарсаңында ішкі нарықты мұнай өнімдерімен толықтыру, делдалдық схемалардың алдын алу, сондай-ақ жалпы сауда-саттықтың ашықтығын арттыру шаралары қаралды» , деліген хабарламада.
Жақында Павлодар мұнай-химия зауытында дизель отынының өндірісі уақытша тоқтады. Зауыттың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, өндіріс орнындағы сутегі өндіру қондырғысында ақау анықталған.
Жанармай бағасы бір жылда 2,5%-ға өсіп, дизель отыны бірден 14 пайызға қымбаттаған.