БҰҰ: Түркияға 1 млрд доллар көмек қажет
Жарияланды
БҰҰ Түркияға 1 млрд доллар көмек беруге шақырды. Халықаралық ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриш осындай мәлімдеме жасады. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.
Оған сәйкес зілзала салдарынан қалыпқа келу үшін ауқымды гуманитарлық көмек көрсетілуге тиіс. Қаражат 3 айдың ішінде 5 млн 200 зардап шеккен адамға жәрдем болмақ. Гутерриш бұл табиғи апат адамзат тарихындағы ең үлкен қасірет екенін атап өтті. Саясаткер халықаралық ұйымдарды, әлем елдерін қаржылай көмек көрсетуге шақырады. Сарапшылар таяуда Түркиядағы зілзала шығынын 20 млрд долларға бағалады.
Тақырыпқа орай