Чехияда Ресейді Олимпиадаға қатыстырмау үшін сарапшылар бас қосады

Жарияланды

Чехияның Олимпиада комитеті ресейлік және беларусь спортшыларының 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуына рұқсат етпейтін құжаттарды жинау үшін сарапшылық топ құрады. Бұл туралы rsport.ria.ru ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

фото:sport-oboz.com

Чехия премьер-министрі Петр Фиала Олимпиадаға Ресей мен Беларусь спортшыларының қатысуына қарсы шықты.

«Біз өзіміздің дұрыс деп санайтын дүниені қамтамасыз ету үшін құқықтық негізге ие болғымыз келеді. Құжаттар Халықаралық Олимпиада комитетіне беріледі. Сондықтан біз заңгерлер мен сарапшылар тобын жинай бастадық. ХОК біздің конструктивті пікірімізді мақұлдайды деп үміттенеміз», – деді Чехияның Олимпиада комитетінің басшысы Иржи Кейвал.

Сондай-ақ оқыңыз