Австралияда Олимпиада нысандарының құрылысына 5 млрд доллар жұмсалады
Жарияланды
Австралияда Олимпиадаға дайындық басталды. Қомақты қаржыға жаңа ареналар салынып, қолданыстағы стадиондар жөнделеді. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.

2032-ші жылғы жазғы Олимпиада ойындары БрИсбен қаласында болады. Олимпиада тарихында Австралия ауқымды спорттық іс-шараны екі мәрте өткізді. Алғаш рет 1956-ші жылы Мельбурнде, ал 2000-шы жылы Сиднейде ұйымдастырды.