Оралдық тұрғын Арменияда ұрланған автокөлікті заңдастырғысы келген

Жарияланды

Орал қаласының тұрғыны Арменияда ұрланған автокөлікті заңдастырғысы келген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметкері Дариға Мәжитованың айтуынша, иесі заңдастыруға әкелген «Ford Explorer» автокөлігінің Арменияда ұрланғаны анықталды.

«Шевролет Кобальт автокөлігінің шанақ нөмірін қолдан жасау дерегі белгілі болды. Оның құжаттарында да сәйкессіздіктер бар. Екі автокөлік сақтау қолхатымен қазіргі иелеріне қалдырылды. Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігіне (көрінеу жалған құжатты пайдалану) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады», деді Д.Мәжитова.

Сондай-ақ оқыңыз