Тесла АҚШ-та сатылған 362 мыңнан аса электромобилін кері қайтаруға тиіс. Өйткені бағдарламалық қамтамасыз ету нұсқасы жаңартуды қажет етіп отыр. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.
АҚШ-тың жол қозғалысы қауіпсіздігінің ұлттық басқармасы осындай талап қойды. Басқарма мамандарының пікірінше, бағдарлама жаңартылмаған жағдайда көлік жол апатына ұшырауы мүмкін. Тесла басшылығы мұнымен келіспейді. Бірақ қауіпсіздік мақсатында электрмобильдерді кері қайтаруды ұйғарған. Жүргізушілерге сәуірдің 15-не дейін хабарлама жіберіледі.