Орташа табыс мөлшері қалай есептеледі?

Жарияланды
Орташа жалақыңды біліп жүрген жөн. Фото: shutterstock.com

Әр адам өзінің орташа табысын білгені дұрыс. Ол жалақыңызбен бірдей болмауы мүмкін. Нақты көлемін білгеніңіз абзал. Себебі соған қарап «қосымша жұмыс керек пе?», «айлық көтеруін сұраған жөн бе?» деген сауалдардың жауабын таба аласыз. Сонымен қатар, орташа табыс мөлшері біршама төлемдердің көлемін анықтауға тікелей әсер етеді. Бүгінгі материалымызда орташа жалақы мөлшерін қалай есептеуге болатынын түсіндіреміз.

Орташа жалақы деген не?

Бұл — қызметкердің бір жылдық табысын 12-ге бөлгенде шығатын шама. Аталған көрсеткішті бухгалтерлер іс-сапар қағаздарын толтырғанда, еңбек демалысын, еңбекке жарамсыздық парағын, еңбек келісімшартын бұзған кездерде қолданады. Соған қарап төлем жасайды. Ескеретін жайт: орташа табыс пен орташа айлық ақы деген бір. Қызметкерлер есеп бөліміндегі әріптестерінің жұмысы қаншалықты күрделі екенін біле бермеуі мүмкін. Әйтсе де, ай сайынғы айлықты әр тиыны дұрыс есептелуі, еңбек демалысының төлемі уақытылы түсуі сынды қиын жұмыстарды бухгалтерлер атқарады. Қиын дейтін себебіміз — есеп жүргізу ми ашытатын жұмыс. Орташа жалақы мөлшерін есептеген кезде белгілі бір төлем түрлеріне мән беру керек болады. Ал енді бірін есепке алмау керек дегендей. 

Қай кезде есептеледі?

Жұмыстың кей кезеңдері орташа табыс мөлшеріне қарай төленеді. Олардың қатарына мыналар жатады:

  • Іс-сапарлар;
  • Еңбек демалысы;
  • Жұмыстан шыққанда;

Орташа жалақыны есептеу және оның артықшылықтары

 Ол үшін заң жүзінде бекітілген ережелерге сүйенеміз. Ең бірінші есте ұстауымыз керегі:  төлем негізі — бекітілген табыс пен жұмыс істеген күндер. Төлем мерзімі өткен аймен жабылып отырады. Енді қарапайым мысал түрінде есептеп көрелік.

Айгүл 12.09.2022 жылы жұмыстан шықты. Орташа жалақы мөлшері есептелетін кезең — 1.09.2021 мен 31.08.2022 аралығы. Осы уақыт ішінде адамның жұмыс істемеген күндер не айлар болуы мүмкін. Оның бәрі ескеріледі. Болмаса, қызметкер есеп кезеңі басталғаннан кейін ғана жұмысқа кіретін жағдайлар болады. Қызметкер есеп кезеңі басталғанға дейін жалақысын алмаған болуы да мүмкін. Байқадыңыз ба, қандай күрделі жұмыс екенін? Бухгалтер есеп жасаған кезде оклад бөлігіне және сол есеп кезеңі басталған кезде қызметкердің нақты істеген уақытына қарайды. Айталық, Мұратбектің іс-сапары 11.04.2023 күні басталады. Орташа айлық табысын есептеу үшін 1.04.2022 мен 31.03.2023 аралығы алынады. Бірақ ол бұл компанияға 3 сәуірде ғана келген. Олай болса, заңға сәйкес есеп кезеңі ретінде 3-11 сәуір аралығы ғана алынады. 

Есептеуге арналған формула

Орташа айлық табысын есептеу үшін мектепте алгебра пәнін оқыған кездерді еске түсіріп көріңіз. Назарыңызға формула ұсынамыз:

Басты формула: Орташа табыс = Бір күндік орташа табыс мөлшері × төлем жасайтын күндер саны.

Кей жағдайларда нақты жұмыс істелген күн мен сағат санын да санау керек болуы мүмкін. Ондай кезде мына формуланы қолданады: Орташа табыс =Бір сағаттық орташа табыс мөлшері × кестеге сәйкес төленетін сағат саны.

Иә, кей жағдайда сағат не күнді де есептеу керек. Оның ішінде орташа мөлшерін анықтау қажет. Оның да формуласы бар: Бір күндік орташа табыс мөлшері = есеп кезеңінде нақты жұмыс істелген күндер санына қарай төленетін ақы. Кей компанияларда жұмыс уақытына қарай төленеді. Мұндай формат әсіресе, курьерлік қызмет, экспедиторлық және құрылыс компанияларында қолданылады. Бір сағаттық орташа табыс = есеп кезеңінде нақты жұмыс істелген сағат саны. 

 Бір қарағанда күрделі болып көрінгенімен, іс жүзінде бір түсініп алсаңыз, жеңілдейді. Ол үшін мысал түрінде көрсетейік. Айбат аптасына бес күн істейді. Айлығы — 195 мың теңге. 01.02.2023 мен 10.02.2023 аралығында оны Атырауға іс-сапарға жіберіп жатыр. Есеп кезеңі — 1.02.2022 мен 31.01.2023 аралығы. Бір жылда Айбат 247 күн жұмыс істеген. Сонда осы уақыт ішінде оған 2 340 000 теңге төленіпті. 

Бір күндік орташа табыс мөлшері: 2 340 000 теңге / 247 =9 473,7 теңге 

Орташа табыс мөлшері: 9 473,7 теңге × 10 күн =94 737 теңге  

Қолда формула бар болса, көп нәрсе түсінікті бола түседі дегенімізге сене бастадыңыз ба? Көп нәрсе айқындалған секілді, солай ма? Орташа табысты әркім өзі есептеп, біліп жүргені өзіне жақсы. Сонда қаражатты басқару жеңілдейді. 

Қадам-қадамымен түсіндіретін нұсқаулық

  • Бірінші қадам. Кезеңін анықтап аламыз. 12 ай бұрынғы уақыт — басталған кез. Егер қызметкер еңбек демалысына 18.11.2022 кетіп бара жатса, демек 1.11.2021 мен 31.10.2022 аралығын есепке аламыз.
  • Екінші қадам. Жұмыс істемеген күндерді іздейміз. Ол дегеніміз — іс-сапарға кеткен не ауырып қалып, еңбеккке жарамсыздық парағын толтырған уақыт.
  • Үшінші қадам. Жалпы табыс көлемін есептейміз. Ол жерде аванс, оклад, сыйақылар мен түрлі үстеме кіреді. Жалақыны 12-ге көбейтіңіз, сонда жылдық табыс шығады.
  • Төртінші қадам. Орташа сағаттық немесе күндік табысты есептейміз. Бұл көрсеткіштердің де орташа табыс көлемін есептеуде маңызы зор.
  • Бесінші қадам. Орташа айлық мөлшерін есептейміз. Егер сізде алдыңғы қадамдар бойынша нақты цифрлар шықса, жоғарыда айтқан формуланы аламыз да, есепке саламыз. Сонда қалаған шамаңыз шығады. 

Байқағандарыңыздай, орташа табыс мөлшерін анықтау аса қиын емес. Бастысы, сандармен дос болып үйрену ғана. Сағатына, күніне, айына табатын табыстың мөлшерін нақты білген сайын сізде табыс табуға стимул пайда болады. Өйткені ай сайын бекітілген айлық алып жүре беруге болады. Ал сағатына табатыныңызды білген кезде өмір сапасын арттыруға құлшыныс артады. Мысалы, сіз бір сағатта 2 мың теңге табуыңыз мүмкін. Бәлкім, потенциалыңыз одан еселеп табуға жететін болар? Сондықтан жүйелі өмір сүру үшін қаражатқа қатысты формулаларды жақсы білген дұрыс.

Сондай-ақ оқыңыз