
Құрамында құтқарушылар мен медицина мамандары бар алғашқы 38 адамнан тұратын топ мінген Төтенше жағдайлар министрлігінің Ил-76 борты Алматыға қонды, деп жазады ҚазАқпарат.
Түркияның Газиантеп қаласынан республикалық жедел құтқару жасағының 33 қызметкері келді. Олардың арасында 3 кинологтар тобы мен 5 апаттар медицинасының дәрігерлері бар. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Бұдан бұрын, М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы студенттеріә алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядан аман-есен оралған соң құтқарушылар марапатталатынын айтқан болатын.