Ақпарат министрлігі журналистік қызметке кедергі келтіруге жол бермейтінін мәлімдеді

Жарияланды
сми
Оператордың көлігі өртенген. Фото: Facebook.com/vadim.boreiko

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі кеше түнде журналист Вадим Борейконың операторының басынан өткен жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

«ҚР АҚДМ журналистік қызметке кедергі келтіруге жол бермейді және барлық қажетті көмекті көрсетеді», делінген хабарламада.

Алматы қаласының Ішкі істер департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастап, тиісті сараптама тағайындады. Мәселенің мән-жайы нақтыланып жатыр.

Айта кетейік, журналист Вадим Борейко кеше түнде операторының екі көлігін белгісіз біреулер жарып жібергенін жазған. Ол өзінің facebook парақшасында өртенген көліктердің суретін жариялаған.

Бұған дейін Борейконың пәтерінің сыртқы есігіне біреулер құрылыс көбігін құйып кеткен болатын.

Сонымен қатар, журналист Динара Егеубаеваның көлігі өртеніп, журналистер Гүлнар Бажкенова мен Самал Ибраева да белгісіз біреулердің ақпараттық шабуылына ұшырады.

Ақпан айының басында Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановқа журналистерге қарсы бағытталған заңға қайшы әрекеттерді және арандатушылықты әшкереледі тапсырған еді.

Сондай-ақ оқыңыз