Джо Байден Киевте Зеленскиймен кездесті

Жарияланды
Байден
Фото: T.me/V_Zelenskiy_official/5182

АҚШ Президенті Джо Байден Киевке келді. Ол Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесті деп жазады Bloomberg.

Украина ақпарат құралдары екі президенттің Михайловский алаңында қатар жүріп бара жатқанын түсірген. Екі мемлекет басшысы серуендеп жүргенде әуе дабылының дауысы естілген.

Зеленский де парақшасында АҚШ Президентімен бірге түскен суретін жариялап, Байденнің келгенін растады.

«Джозеф Байден, Киевке қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыз – барлық  украиндықтарға аса маңызды қолдау барын білдіреді», деп жазды Зеленский

20 ақпан күні таңертең елдің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған «Украинская правда» газеті, Киев аса маңызды қонақтарды күтіп отырғанын жазған болатын, алайда ол қонақтың кім екені айтылмаған еді.

Bloomberg дерегінше, Байден Украинадағы соғыстың басталғанына жылға жуықтағанына байланысты Польшаға сапарлағысы келген.

«Ақ үй бұған дейін Байденнің Украинаға баратын жоспары жоқ деп мәлімдеген еді, алайда әскери қимылдар өтіп жатқан аймақтың жақын болуына байланысты, 2022 жылғы 24 ақпанда Ресей басып кіргеннен бері тұңғыш рет, ол бұл елге баруы да ықтимал», деп жазған еді басылым 20 ақпан күні таңертең.

Ресей Президенті Украина жерінде арнайы операция бастайтыны туралы 2022 жылдың 23 ақпанында мәлімдеген болатын, ал келесі күні әскери операция басталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз