Жаңалықтар

Мемлекеттік грант алуға өтінім қабылдау басталды

Мемлекеттік грант – бұл жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін 400 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі бастапқы капитал. Бұл туралы business.enbek.kz хабарлады.

Фото:qazaly.kz

Business.enbek.kz порталында 20 ақпаннан бастап 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде биылғы берілетін гранттардың 1-легі бойынша жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға өтінімдер қабылдау басталады. Республика бойынша бірінші лекте 2 577 адамға гранттар беру жоспарлануда.

Айта кету керек, гранттар беруге өтінімдер қабылдаудың 2-легі 15 мамыр мен 26 мамыр аралығында өтеді. Ол кезде 2697 грант беріледі.
10-21 шілде аралығында өтетін 3-легте 1973, 4-15 қыркүйекке жоспарланған 4-легте 1753 грант беріледі.

Мемлекеттік грант – нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамытуға өтеусіз берілген бастапқы капитал.

Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 380 000 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Гранттар келесі бағыттарда қолдану үшін беріледі: қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малдарды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу.

Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.

Гранттар алудың негізгі шарттары

Грант алушы тиіс:

Жұмыспен қамтудың мынадай санаттарының біріне жату:

Тіркелген жұмыссыздар

Жеке кәсіпкерлер (3 жылға дейін)

Келесі әлеуметтік санаттардың біріне жату:

Көп балалы тұлғалар-көп балалы жәрдемақы алушылар (жұбайы, зайыбы)

Қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері

Мүгедек баланы тәрбиелеуші жәрдемақы алатын адамдар (жұбайы, зайыбы)

Атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған адамдар және олардың отбасы мүшелері

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар

Кандас қолданыстағы мәртебесі бар адамдар

Мүгедек адамдар

* Тіркелген некеде тұрған адам көпбалалы бойынша жәрдемақы алушының немесе мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған адамның жұбайы (зайыбы) болып табылады. Егер неке (ерлі-зайыптылық) 2008 жылға дейін тіркелген болса, «электрондық үкімет» веб-порталында www.egov.kz «АХАЖ» АЖ-да мәліметтерді өзектендіру қажет.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатының болуы

Мәртебесін тексеру сәтінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылардан басқа (оңтүстіктен солтүстікке қарай)жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы болып табылмау