ЕуроОдақ Молдоваға арнайы миссия жіберуі мүмкін
Жарияланды

ЕуроОдақ ортақ қауіпсіздік және қорғаныс мүддесі аясында Молдоваға арнайы миссия аттандыруды ойластырып жатыр. Бұл туралы Брюссельде өткен отырыста белгілі болды-деп, хабарлайды 24.kz
Еуропаның Сыртқы әрекет қызметінің нақтылауынша, мұндай миссиялар азаматтық әрі әскери сипатта болуы мүмкін. Сондай-ақ Еурокомиссия Молдоваға Еуропаның Бейбітшілік қоры арқылы қолдау көрсетілетінін жеткізді. Бұған дейін Кишиневке қауіпсіздік күштеріне демеу білдіру үшін 40 миллион еуро аударылған болатын.