Көлік прокуратурасы тәркіленген мүлікті olx.kz-те саудаға шығара ма?
Бас көлік прокуратурасы Қаржы министрлігі мамандарының қатысуымен тәркіленген мүлікті мемлекеттік органдардың балансына өткізу рәсімінің жаңа тетіктерін әзірледі.
Тәркілеу заттары көбінесе нарықтық құнынан төмен сатылатындықтан, электрондық сауда-саттық арқылы жеке тұлғаларға сату тетігін қайта қарау бойынша жұмыс басталды. Оның негізі, «Мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталының сату алаңындағы «танымал болмауы».
Қызметті жақсартудың нысаны ретінде кolesa.кz, кrisha.кz және OLX сияқты танымал интернет-ресурстармен өзара әрекеттесу мәселесі қаралуда-деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасы
Бұрынғы қолданыстағы тәжірибе үкімдерді орындау кезінде әуре-сарсаңға, ал кейбір жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға да жол берді.
Мысалы, 2020 жылғы пандемия кезінде көлік прокурорлары құны 140 млн теңгені құрайтын 60 мың данадан астам медициналық мақсаттағы жеке қорғаныс құралдарын (комбинизондарды) ҚХР Гонконг қаласына әкету әрекетін тоқтатты. Сол жылы сот үкімімен олар мемлекет кірісіне тәркіленді.
Алайда, бұл комбинезондар біздің жұқпалы аурулар дәрігерлеріне өте қажет болғанына қарамастан, оларды тез арада беру мүмкіндігі болмады. Дәрігерлер оларды тек 2021 жылдың соңында алған. Бұған қолданыстағы заңнаманың жетілмегендігі себеп болды, бұл оларды денсаулық сақтау мекемелеріне тікелей беруге мүмкіндік бермеді.
Көлік прокуратурасының бастамасымен бұл механизм қайта қаралып, тиісті түзетулер 2022 жылдың қазан айынан бастап қолданысқа енгізілді. Басқа жағдайда, заңнаманың оқылықтарын қаскүнемдер пайдаланып, олар 200 млн теңгеден астам сомаға байыған.