Қазақстандық жиһаз жасаушылар тағы да дағдарысқа ұшырады

Жарияланды

2022 жылы ҚР-да жиһаз бен тұрмыстық заттар бағасы айтарлықтай өсті

Фото; energyprom.kz сайтынан алынды

Өнеркәсіптегі кәсіпорындар саны 8% қысқарды. Бұл туралы energyprom.kz сайты сараптама жасады.

Былтыр Қазақстанның жиһаз өнеркәсібі үшін қиын болды. Жиһаз жасаушылар пандемиядан айығып үлгермей тұрып, қайтадан құлдырады. Өнеркәсіптік өндіріс индексі 2021 жылғы 107,8%-дан 2022 жылы 89,3%-ға дейін төмендеді (100%-дан төмен ӨӨИ сектордағы өнім көлемінің төмендеуін көрсетеді). Бұл соңғы онжылдықта саладағы екінші осындай ауыр жыл. Дәл осындай құлдырау 2020 жылы да болған, ол кезде индекс 89% болды. Айырмашылығы, пандемияның бірінші жылындағы локдаун кезінде халықтың жиһаз сияқты бірінші қажеттілікке жатпайтын тауарларды сатып алуға мүмкіндігі болмады (және көбінің ақшасы болмады). 2022 жылы жиһаз фабрикалары мен дүкендер үзіліссіз жұмыс істеді, көптеген тауарларға сұраныс тіпті өсті, бірақ бизнес импортпен бәсекеге төтеп бере алмады. Жалпы, сектордың құлдырауы 2015 (2,6%) және 2012 (8,7%) жылдары да байқалды, бірақ соңғы онжылдықта айтарлықтай өсім (кем дегенде 10%-дан жоғары) байқалған жоқ.

Қазақстандық компаниялардың өткен жылы ең көп өндірген өнімі (1 млн данадан) қаңқасы металл орындық, кресло және басқа да отыратын жиһаздар. Соңғы бір жылда бұл санаттағы өнім көлемі аздап өсті: бар болғаны 2,7%. Ас үйге арналған әртүрлі жиһаздар (11,8% көбейді), асхана мен қонақ бөлмеге арналған жиынтықтар (15,8% көбейді) көбірек шыға бастады. Бірақ бизнес сегментімндегі жағдай нашар. 2022 жылдың қаңтар-желтоқсанында отандық жиһаз компаниялары ағаш кеңсе жиһазы өндірісінің 38,8%-ын жоғалтты. Жатын бөлмеге арналған ағаш жиһаз өндірісінің көрсеткіштері де (төсек пен шкафтан басқа) шамамен үштен бірге төмендеді.

Ақшаға келетін болсақ, жағдай мынадай. Соңғы үш жылда жиһаз өндірісінің көлемі құндық мәнде өсіп келеді. 2020 жылдағыдай 2022 жылы бұл негізінен барлық тауарлар бағасының инфляциялық өсуіне байланысты болды. Бір жыл бұрын жиһаз жасаушылар 2021 жылмен салыстырғанда ақшалай есептегенде 8,4% артық өнім шығарды. Жасалған өнім көлемі бір жыл бұрын 59,7 млрд теңге болса, былтыр 64,7 млрд теңгені құрады. Бұл статистикалық бақылаулардың бүкіл тарихындағы саладағы рекордтық көрсеткіш.

Алайда, үдемелі инфляция аясында нақты өндіріс көлемінің төмендеуін ескере отырып, өңдеу өнеркәсібінің осы санаты үшін 2022 жылды табысты деп атауға болмайды. Және бәрі де оған төтеп бере алмады. 2022 жылдың басындағы жағдай бойынша ҚР жиһаз өнеркәсібінде 1516 жұмыс істеп тұрған заңды тұлға тіркелген. 2023 жылдың 1 қаңтарында бұл көрсеткіш 8% азайып (114 кәсіпорын), 1402 болды.

Тұтыну нарығындағы бағаның өсуін соңғы жылдардағы антирекорд деп те атауға болады. Өткен жылдың төртінші тоқсанында 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда жиһаз және тұрмыстық заттар бағасы 6,1% өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жалпы инфляция деңгейімен салыстырғанда (2022 жылғы желтоқсанда 19,4%) жиһаздың 6,1% өсімі кәсіпорындардың өндіріске өсіп келе жатқан шығындарын өтеуге көмектеспеді деп болжауға болады.

2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша, қазақстандық өндірушілердің позициялары асүй мен қонақ бөлмелерге арналған ағаш жиһаздар (мұнда импорт сұраныстың 89,3%-ын қамтыды), сондай-ақ басқа топтарға кірмейтін басқа да әртүрлі отыратын жиһаздар (импорт — 97,9%) санатында әлсіреді.

Отандық өндіріс көлемі де ағаш және басқа да орындықтар (импорт — 86,5%) және сауда кәсіпорындарына арналған жиһаздар (импорт — 62,9%) сегментіндегі импортпен салыстыруға келмейді.

Отандық өндірушілер үшін жағдай тек ағаш кеңсе жиһазы сегментінде жақсырақ (импорт 22,2%, ішкі өндіріс 77,8%).

Қазақстаннан жиһаз экспортының аздығы сонша, көптеген тауарларда ол қолда бар ресурстардың 1%-на да жетпейді.

Сондай-ақ оқыңыз