Жаңалықтар

Walmart, Nvidia мен eBay осы аптада тоқсандық есеп береді

Walmart, Nvidia мен eBay есебін жариялайды. Фото: kursiv.media

Walmart, Nvidia мен eBay осы аптаның ішінде қаржы нәтижелерін бөліспек. АҚШ-тың экономикалық талдау бюросы (BEA) Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өсіміне берген бағасын жариялайды. Бұл туралы Barron’s хабарлайды.

Ақпанның 20-сы дүйсенбі күні, акциялар мен облигациялар нарығы АҚШ-ың Президенттер күні мейрамына байланысты жұмыс істемеді.

21 ақпан, сейсенбі күні, тоқсандық нәтижелерін Home Depot, Ingersoll Rand, Keysight Technologies, Medtronic және Molson Coors Beverage бөліспек. Сонымен қатар Walmart, Palo Alto Networks, Public Service Enterprise Group, Public Storage, Realty Income және SBA Communications қаржы есебін жарияламақ.

Бұл күні S&P Global ақпан айындағы өндіріс және қызмет көрсету салаларындағы сатып алу менеджерлерінің индексі (PMI) мәнін көрсетеді. Консенсус-болжам бойынша, осы көрсеткіштер 47,2 пункт пен 46,7 пунктті құрау қажет. Индекстің мәні 50 пункттен төмен болуы экономикалық ахуалдың нашарлауына білдіреді.

Ұлттық риелторлар қауымдастығы қаңтар айында қайталама нарықтағы сатылған үйлердің саны бойынша ақпарат бермек. Сарапшылар сатылған үйлердің көлемі 80 мыңға азайып, 4,1 млнді құрауы мүмкін деп болжап отыр.

Ақпанның 22-сі, сәрсенбі күні, микрочип өндірушісі Nvidia, энергетика саласындағы Coterra Energy мен Pioneer Natural Resources, интернет-ретейлер eBay, DaVita, Lucid Group, Pioneer Natural Resources және TJX Cos тоқсандық нәтижесін жариялайды.

Федералдық сақтық қор жүйесі (Federal Reserve) осы күні ақпанның бірі күні өткен отырысының хаттамасын шығарады. Өткен отырыста американдық регулятор базалық мөлшерлемені 25 базистік пунктке өсірді.

Ақпанның 23, бейсенбі күні, конференц-байланысқа өзінің тоқсандық нәтижелерін талқылауға біршама қатар компаниялар шығады. Олардың арасында Alibaba, American Electric Power, American Tower, Autodesk және Block.

Сонымен қатар бұл күні Booking Holdings, Intuit, Keurig Dr Pepper, Moderna, Newmont пен Warner Bros. Discovery қаржы нәтижелері белгілі болмақ.

Инвесторлардың басты назары апта ішінде АҚШтың экономикалық талдау бюросы (BEA) жариялайтын төртінші тоқсандағы ішкі өнім өсіміне берген бағасында болмақ. Экономисттердің болжамы бойынша, АҚШтың экономикасы төртінші тоқсанда 2,5%-ға ұлғайды. Ақпанның 24-і, жұма күні Экономикалық талдау бюросы қаңтардағы жеке кірістер мен шығыстар туралы мәліметтерді жарияламақ.