Алматы қаласының прокуратурасы Ботаникалық баққа кіру билетінің бағасын төмендетті. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады.
«Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Ботаника және фитоинтродукция Институты» РМК-на кіру билеттерінің тарифтерін белгілеуде бұзушылықтарды анықтады.
Прокурорлық қадағалау актісімен Ботаникалық баққа келуші азаматтарға арналған тарифі 103 теңгеге төмендетілді»,-делінген хабарламада.