АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға келуі мүмкін

Жарияланды
Фото; баспасөз қызметінен алынды

Сыртқы істер министрлігінің басшысы Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Астанаға келуі мүмкін екендігіне түсініктеме берді. Кейбір деректерге сүйенсек, жоғары лауазымды американдық шенеунік ақпан айының соңында Астанада Орталық Азия елдерінің СІМ басшыларымен кездесу өткізеді-деп, хабарлайды Kursiv.media

«Біз ресми растауды күтеміз, оны бірден жариялаймыз. Біз американдық тараптан ресми растауды күтеміз», – деді  М. Тілеуберді.

С5+1 форматындағы жыл сайынғы министрлердің  кездесуі келесі аптаның басында Астанада өтеді.

«С5+1» өзара іс-қимыл форматы 2015 жылы экономика, экология және қауіпсіздік салаларындағы өңірлік мәселелерді талқылау үшін белгіленді. Қатысушылар құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіреді.

СІМ басшыларының C5+1 форматындағы өткен кездесуі Нью-Йоркте Бас Ассамблеяның 77-ші сессиясы аясында өтті.

Сондай-ақ оқыңыз