Полиция «журналистер мен блогерлерге қастандық жасады» деген күдікпен 18 адамды ұстаған

Жарияланды
полиция
Полиция 18 адамды ұстады Фото: Shutterstock


2022 жылғы қыркүйек пен 2023 жылғы 20 ақпан аралығында Алматы және Астана қалаларында 6 журналист пен блогердің кәсбіи қызметіне байланысты қастандық жасалған. Полиция осы істерге қатысы бар деген күдікпен 18 адамды ұстады деп хабарлайды ІІМ.

«Жәбірленушілерге қатысты жылжымайтын мүлікке қасақана зақым келтіру, автокөліктерді өртеу, оларға әртүрлі заттарды жөнелту арқылы қорқыту фактілері, жәбірленушілердің мекенжайлары бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар және Интернет желісінде дербес деректерін тарату фактілері жасалды», делінген хабарламада.

Осы қылмыстарды ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылған. ҚР ҚК 115 -«Қауіп», 147 – «Жеке өміріне қатысты мәліметтерді тарату», 158 «- Журналистік қызметке кедергі жасау», 202 «Бөтеннің мүлкін қасақана жою», 293 -«Бұзақылық» баптары бойынша 20 қылмыстық іс қозғалған.

Айта кетейік, журналист Вадим Борейко  операторының екі көлігін белгісіз біреулер жарып жібергенін жазған. Ол өзінің facebook парақшасында өртенген көліктердің суретін жариялаған.

Бұған дейін Борейконың пәтерінің сыртқы есігіне біреулер құрылыс көбігін құйып кеткен болатын.

Сонымен қатар, журналист Динара Егеубаеваның көлігі өртеніп, журналистер Гүлнар Бажкенова мен Самал Ибраева да белгісіз біреулердің ақпараттық шабуылына ұшырады.

Ақпан айының басында Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановқа журналистерге қарсы бағытталған заңға қайшы әрекеттерді және арандатушылықты әшкереледі тапсырған еді.  

Сондай-ақ оқыңыз