Қазақстан мұнайы «Дружба» құбыры арқылы Германияға бүгін жөнелтілуі мүмкін – Министр

Жарияланды
Мұнай Германияға бүгін жөнелтілуі мүмкін. Фото:shutterstock.com

Қазақстандық мұнай «Дружба» магистральдық құбыры арқылы Германияға 22 ақпаннан тасымалдана бастауы мүмкін, деп хабарлады энергетика министрі Болат Ақшолақов.

«Дружба» туралы айтар болсақ, жер қойнауын пайдаланушыға қатысты тендерді кеше біттік. Тек техникалық жұмыстары қалған. Мұнай құбыр арқылы бүгін жөнелтіледі деген үміттемін», деді ол журналистерге.

Қазақстан қаңтар айында 20 мың тонна мұнайдың бірінші партиясын жөнелтуді жоспарлаған болатын.

Содан кейін жоспарлар ақпан айының бірінші жартысына қалды.

ҚазМұнайГаздың» еншілес кәсіпорны «ҚазТрансОйл» Германияға «Дружба» арқылы бірінші тоқсанда 300 мың тонна, жылдың соңына дейін 1,2 миллион тонна жеткізетінін хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз