Сыртқы саудада көш бастап тұрған қай өңір?

Жарияланды
Сыртқы саудада көш бастап тұрған өңірлер аталды. Фото: shutterstock.com

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 2022 жылы 134,4 миллиард АҚШ долларын құрап, тарихи көрсеткішке жеткен еді. Осы орайда Экономикалық зерттеулер институтының мамандары әртүрлі критерий бойынша ҚР сыртқы саудасының аймақтық ерекшеліктерін қарастырған.

Өңірлік тұрғыда алсақ, сыртқы сауданың 25%-ы Атырау облысы ($33,8 млрд), 21%-ы – Алматы қаласы ($27,6 млрд), 11%-ы – Астана қаласына ($14,6 млрд) тиесілі.

Ал Ұлытау (Қазақстанның тауар айналымының 0,2%-ы), Жетісу (0,3%) және Жамбыл (0,6%) облыстарнда сауда белсенділігі төмен.

Еліміздің үздік экпортаушы өңірлері ($84,4 млрд):

  • Атырау облысы (Қазақстан Республикасының жалпы экспортының 38,6%);
  • Астана (10,6%);
  • БҚО (9,2%).

Металл экспорттайтын үздік үштік($15,1 млрд):

  • Қарағанды ​​(33,5%);
  • Павлодар (17,8%);
  • Шығыс Қазақстан облысы (14,7%).

Жетісу, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында көрсеткіш төмен.

Дайын өнімді ($4,7):

  • Алматы (51,2%);
  • Астана (14%);
  • Алматы облысы (7,1%) экспорттаған.

Ұлытау, Жамбыл және Абай облыстары дайын өнімді ең аз экспорттаған.

Импорт жағы қалай?

Қазақстанға тауар импорттайтын үздік үш өңір ($50 млрд):

  • Алматы (Қазақстан Республикасына импорттың 43,1%-ы);
  • Астана (11,4%);
  • Алматы облысы (8,0%).

Импорттық өнімдер Ұлытау (0,1%), Қызылорда (0,4%) және Жетісу (0,5%) облыстарында аз жеткізіледі.

Соның ішінде тұтыну тауарларын да, инвестициялық тауарларды да көп импорттайтын өсы үш өңір болып тұр.

Сондай-ақ оқыңыз