Украина бизнесі өз кәсіпорындарын Қазақстан аумағына көшіруге ниетті
Украина бизнесі өз кәсіпорындарын Қазақстан аумағына көшіруге мүдделі. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы таратқан ақпаратқа сәйкес, олар тауарларды Қазақстаннан тікелей жеткізуге ниет танытқан.
Онлайн форматта өткен бизнес форумда Қазақстан мен Украина кәсіпкерлері өзара сауда мен инвестициялар көлемін арттыру мәселесін талқыланған.
Әлемдегі күрделі геосаяси жағдайға қарамастан, ірі кәсіпкерлердің іскерлік ынтымақтастықты жандандыру мен одан әрі тереңдетуге қызығушылығы бар.
Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаевтың айтуынша, қиын жағдайларға қарамастан, украиналық және қазақстандық бизнес белсенді ынтымақтасып жатыр.
«Әрине, егер 2012 жылмен салыстырсақ, 2012 жылы біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 5 млрд доллардан асқан. Өткен жылдың 11 айы қорытындысы бойынша сауда айналымы 500 млн доллардан асты. Менің ойымша, бұл жақсы көрсеткіш, 500 млн доллар – бейбіт уақытта да әр елде бола бермейтін сауда айналымы», деп атап өтті Дархан Кәлетаев.
Украниналықтар Қазақстан маңызды экономикалық серіктесіміз дейді.
«Біз сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға мүдделіміз. Бізде қалыптасқан дәстүрлер бар және жаңа мүмкіндіктер іздеуді жалғастыруымыз керек», – деді Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Геннадий Чижиков.
Форум аясында құрылыс, машина жасау, энергетика, тамақ өнеркәсібі және АӨК, логистика және инфрақұрылым, телекоммуникация тақырыптарында алты панельдік сессия өтті.