Алматыда зілзала бола қалса 380-нен астам пункт халыққа көмек көрсете алады

Жарияланды
Фото; баспасөз қызметінен

Алматыда ықтимал жер сілкінісі кезінде халыққа көмек көрсететін 380-нен астам пункт құрылды. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Алматы ТЖД қызметкерлері ҚР Парламентінің сенаторларына мәлімдеуінше,  бұл пункттер уақытша жинауға, тіркеуге, зардап шеккен халықты қажетті заттармен (су, тамақ, азық-түлік) қамтамасыз етуге, көлікке отырғызуға және қауіпсіз аудандарға эвакуациялауға арналған.

Сондай-ақ төтеншеліктер зардап шеккен халықты қабылдау пункттері туралы толық ақпарат 2ГИС картасында, Алматы ТЖД мен әкімдіктің ресми сайттарында орналастырылғанын атап өтті. Ол үшін іздеу жүйесіне «зардап шеккен халықты қабылдау пункттері» қосымшасындағы іздеу жүйесіне енгізу қажет.

Бұдан бөлек QR коды бар ақпараттық тақтайшалар әзірленген. Смартфонды сканерлеу кезінде жақын маңдағы зардап шеккен халықты қабылдау пункттеріне эвакуация жолдарының бағыттарын анықтауға болады.

«Алматыда төтенше жағдай қаупі туралы халықты хабардар ететін 843 сирена және сирено-сөйлеу қондырғылары (қамту аймағы – 100%) жұмыс істейді. Сонымен қатар хабарландыруға 671 телеарна мен 24 «Медиа сервер» радиоарнасы тартылады»-дейді мамандар.

Жойқын жер сілкінісі болған жағдайда оның салдарын жоюға дайын 13 371 адамнан тұратын күштер мен құралдардың арнайы тобы, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы 4 060 бірлік техника көзделген.

Сондай-ақ оқыңыз