Шымкенттегі ПК «GAP» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы Сот үкімімен 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінен хабарлады.
Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті ПК «GAP» пирамидасына қатысты қылмыстық істі аяқтады. Анықталғанындай күдікті азаматтарға үй немесе көлік алуда көмек көрсетуді ұсынған. Ол оңтүстік облыстардың тұрғындарымен міндетті кіру жарнасы 240 мың теңгені құрайтын тұрғын үй немесе автокөлік алуға жәрдемдесу және одан әрі жинақтау үшін ай сайын 75 мың теңге көлемінде қаражат төлеу туралы келісімдер жасасқан.
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті ақшасын салып, баспана мен көлікті ала алмаған 33 азамат жүгінген. Оларға келтірілген шығын көлемі 77 миллион теңгеден асқан.