Елімізде талшықты-оптикалық кабельдер өндірісі 2 есе өсті
Жарияланды
2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Қазақстанда жалпы сомасы 8 млрд теңгеден асатын талшықты-оптикалық кабельдер шығарылды. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 127,5%-ға артық. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Тек желтоқсан айында қазақстандық өндірушілер 929 661 мың теңгеге өнім шығарды, бұл өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда үш есе жуық көп.
Сонымен қатар электронды сымдар мен кабельдер өндірісі 16,1%-ға өсті.
Егер 2021 жылы кәсіпорындар 883 мың км кабель шығарса, 2022 жылы 1 млн км-ден астам кабель өндірілді.