Финляндия Президенті: еліміздің Швециямен бірге НАТО-ға қосылуы Түркияның шешіміне байланысты
Жарияланды
Финляндия Президенті Саули Ниинистё НАТО-ға Швециямен бірге, бір уақытта қосылғысы келетінін айтты. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

«Финляндияның НАТО-ға мүше болу процесі Швециямен бірге жалғасуда. Біз Швециямен бірге НАТО-ға қосылғымыз келеді. Бірақ біз ештеңе істей алмаймыз. Бұл мәселе Түркияның шешіміне байланысты»,-деді Саули Ниинистё.
Швецияның Премьер-Министрі Кристерссон Түркиямен келіссөздер жалғасып жатқанын айтты.