Қазақстанға келетін шетелдік туристердің көбі Алматы мен Астананы таңдайды

Жарияланды
Фото; ғаламтор желісінен алынды

Түркия, АҚШ, Ұлыбритания және Германия азаматтары қаңтар айының басынан бері Қазақстанға келген ТОП- 10 мемлекет туристері қатарына енді-деп, хабарлайды ҚР МСМ Баспасөз қызметі.

Жаңа жылдың басынан бері елімізге 2,5 мыңға жуық Түркия азаматы, 1,4 мыңға жуық Германия азаматы, 1,4 мыңға жуық АҚШ азаматы, ал Ұлыбританиядан 1,2 мыңға жуық азамат келді.

Таяу шетелден келген қонақтарға келетін болсақ – алғашқы ондықта — Ресей 58,2 мыңнан астам турист, Өзбекстан – 11,2 мыңнан астам, Қырғызстан – 3 мыңға жуық, ҚХР – 2,3 мыңнан астам, Тәжікстанның – 2,3 мыңнан астам азаматы бар.

Үндістаннан келген қонақтардың динамикасы байқалады-шамамен 3 мың. Естеріңізге сала кетейік, жақында Үндістанда Қазақстан беделді туристік сыйлық алды.

Бұл ретте, туристер көп баратын ең тартымды жер ретінде Алматы көш бастап тұр-40 мыңға жуық турист. Одан кейін Астана (22 мыңнан астам), Ақтөбе облысы (4733), Атырау облысы (4212), Маңғыстау облысы (3023), Батыс Қазақстан облысы (2778), Павлодар облысы (2719), Солтүстік Қазақстан облысы (2651), Шымкент (2586) және Қарағанды облысы (2573)

«Туристердің негізгі бөлігі Алматы және Астана қонақ үйлеріне тоқтайды. Ең көп сұранысқа ие үздік ондыққа кірген  көрікті мекенде осы екі мегаполистің қонақ үйлері бар. Бұл ретте жыл басынан бері қонақтарды Қазақстан бойынша 16654 жеке және 6746 заңды тұлға қабылдағанын айту ләзім»,-деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Сондай-ақ оқыңыз