Үкімет халықаралық көлік бағытын дамытуды жандандырмақ

Жарияланды
Үкіметте көлік дәліздерін дамыту талқыланды. Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов елдегі республикалық маңызы бар жолдарды дамыту жөнінде кеңесте осы мәселені атап өтті. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметінен мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкесе, Республика аумағында жалпы ұзындығы 13 мың шақырымға жуық сегіз транзиттік автокөлік дәлізі бар.
Қазіргі уақытта:
– «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» (768 км),
– «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы» (746 км),
– «Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» (415 км)
– «Алматы – Астана – Петропавл – РФ шекарасы» (31 км) трассаларында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

«2030 жылға дейін: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» (1 363 км)
«Астана – Қостанай – РФ шекарасы» (830 км) дәліздері
«Атырау – Орал – РФ шекарасы» (587 км) трассаларын І техникалық санатқа сәйкестендіріп жаңарту жоспарланып отыр», делінген хабарламада.

Әлихан Смайылов бұл жұмысты көршілес елдердің уәкілетті мемлекеттік органдарымен үйлестіре отырып, Ресей мен Қытайға қарай логистикалық бағыттарды және Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуды жандандыру қажеттігін атап өтті.

Оның сөзінше, аталған тәсіл мемлекеттер арасындағы автожолдардың түйіскен жеріндегі «тар жолдарды» тезірек жоюға және соның арқасында жүк айналымын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін еліміздің 2030 жылға дейін 8 мың шақырым республикалық және 14 мың шақырым жергілікті автожолдарды сапалы салу мен реконструкциялау міндетін қойып отырғаны мәлімделген болатын.

Ал, өткен жылы елімізде жолдарды жөндеуге 372 млрд теңге бөлінген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз