Қор биржасына қаражат салу үшін қазақстандықтар 1 млнға жуық шот ашқан
Жарияланды
Бұл туралы Қазақстан қор биржасы АҚ басқарма төрағасы Алина Алдамберген мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Қазір орталық депозиттерде немесе банк қосымшалар арқылы ашылған шоттардың жалпы саны шамамен 1 млн. KASE негізінен ірі компания және банктермен жұмыс істейді. Ал банктер жеке тұлғаларды тартады», – дейді KASE басшысы.
Оның айтуынша, Қазақстан қор биржасы – жүйені белгілейтін институт, сондықтан сектордағы барлық процесі биржа арқылы өтеді.
«Біз клиенттеріміздің сеніміне кіреміз. Олар біздің институционалдық инвесторларымыз. Оның қатарында банктер, брокерлер де бар», – деді Алина Алдамберген елордада өткен KASE DAY шара барысында.