Қазақ мұнайының 80 пайызы тасымалданатын Каспий Құбыр Концорцумында туындаған проблемалар еліміздің ЖІӨ өсіміне кері әсер етуі мүмкін. Өйткені ел экномикасы үшін өндірілген мұнайдың дер кезінде тасымалданып, уақтылы сатылып отырғаны маңызды.
Jusan Analytics мамандары КҚК-да туындайтын кедергілер ЖІӨ өсімін 2,4 пайызға дейін баяулатуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Бұл – ең нашар сценарий. Бұған дейін сарапшылар 2023 жылы ЖІӨ өсімі 3,8-4,3% аралығында болады деп болжаған.
Қазақстан мұнайының басым бөлігін тасымалдайтын КҚК бірнеше рет қызметін тоқтатқан болатын. Нәтижесінде ол 2022 жылы 1%-ға төмендеген тау-кен өнеркәсібінің қызметіне өте қатты әсер етті.
Сарапшылар «КҚК факторы» қазір мұнай-газ секторына өте тәуелді Қазақстан экономикасының одан әрі дамуына ең үлкен және күтпеген сын-қатер болып тұр дейді.
Ал Үкімет пен «ҚазМұнайГаз» компаниясының «Баку-Тбилиси-Джейхан» жаңа бағыты арқылы мұнай экспортын әртараптандыру жөніндегі жоспары Түркиядағы соңғы қайғылы оқиғалардан кейін іске аспай отыр.
Бұған дейін ҚКҚ Қара теңіздегі ауа райына байланысты 4-5 күн қазақ мұнайын қабылдамаған еді. Кейін ауа райы қалпына келіп, құбыр арқылы мұнай жөнелтіле бастады.