Қазақстан Қытай өңірлерімен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Жарияланды

Хэйлунцзян провинциясының Халықаралық сауданы қолдау комитеті (ХСҚК) делегациясының сапары аясында Қытай (Хэйлунцзян)-Қазақстан сауда – экономикалық ынтымақтастық форумы өтті. Сонымен қатар, бірқатар екіжақты кездесулер өткізіліп, 8 құжатқа қол қойылды. Бұл туралы «KAZAKH INVEST» ҰК» баспасөз қызметі хабарлады.

Форумға қазақстандық және қытайлық бизнес-қоғамдастықтың 100-ден астам өкілі қатысты, инвестициялық жобаларды іске асыру және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Құттықтау сөзінде Қытайдың Қазақстандағы Елшілігінің экономикалық және коммерциялық мәселелер жөніндегі кеңесші-елшісі Су Ю «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында екіжақты қарым-қатынастардың маңыздылығы туралы айтып берді. Ол Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпиннің пандемиядан кейінгі алғашқы сапары Қазақстанда өткенін еске салып, бұл елдер арасындағы стратегиялық әріптестік пен сенімнің жоғары деңгейін көрсететіндігін жеткізді.

Өз кезегінде, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Аян Еренов Қытай Қазақстанның маңызды сауда, инвестициялық және іскерлік серіктесі екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанның іскерлік қоғамдастығы экономикалық қатынастарды кеңейту үшін қытайлық компаниялармен күш біріктіруге дайын.

China Construction Bank Хэйлунцзян филиалының Вице-президенті Ду Вэньши Қазақстандағы бірлескен инвестициялық жобаларды қаржыландыруды кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастығы жобаларының портфелі агробизнес, ЖЭК, ТМК, машина жасау және т. б. сияқты экономиканың басым секторларында шамамен $21 млрд болатын 52 жобадан тұратынын атап өтті. Бұл ретте елдер арасындағы ынтымақтастық өңірлік деңгейде тереңдей түсуде, бұған Хэйлунцзян провинциясы делегацияның Қазақстанға сапары дәлел, деді ол.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қытай делегациясының сапары аясында бірқатар қытайлық компаниялармен кездесулер өткізді. ХСҚК төрағасының орынбасары Тан Байчэн Комитет елдер арасында, дәлдеп айтқанда АӨК, туризм, өнеркәсіп, биоэкономика, цифрлық экономика және ЖЭК салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуде үлкен перспективалар көріп отырғанын айтты.

Қытай мен басқа да елдерде 12 зауыты бар Jiusan Foods компаниясына Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорнын ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз