3000 фермер субсидия алуға өтініш берген

Жарияланды
Биыл 3 мың фермер сусидияға өтініш берген.

Қазақстандық фермерлер 1 ақпаннан бастап gosagro.kz порталында жалпы сомасы 17,1 млрд теңгеге субсидия алуға 3067 өтінім берді. Соның ішінде 134,6 млн теңгеге өтінім мақұлданып, оның 20 млн теңгесі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге төленді. Сонымен қатар өңірлік әкімдіктердің 2022 жылы резервке қойылған 4025 өтінім бойынша айтарлықтай берешегі бар, деп хабарлайды АШМ.

Министрліктің мәліметі бойынша, жүйеде «күту парағы» тетігі іске қосылған. Онда бюджеттің бар-жоғына қарамастан, реттік нөмір беріліп, мақұлданған өтінімдер келіп түседі.

Осылайша, бюджет фермер тарапынан қосымша іс-әрекетсіз тек «күту парағындағы» өтінімдер бойынша автоматты түрде бөлінеді.  Бұл тәсіл қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және субсидияларды төлеу кезінде адами факторды болдырмайды.

Сонымен қатар, өңірлік әкімдіктердің фермерлердің алдында 2022 жылы резервке қойылған 4025 өтінім бойынша айтарлықтай берешегі бар. Деректер qoldau жүйесінен Ауыл шаруашылығы басқармаларының жеке кабинеттеріне көшірілген

«Осылайша, инвестициялық субсидиялау және өнімді қайта өңдеу бағыты бойынша жергілікті әкімдіктер өткен жылғы қарыздарды өтегеннен кейін ғана жаңа өтінімдерді төлеуге көше алады. СБМАЖ-де деректер төлемдерін қалыптастыру бойынша функционал іске асырылды. Облыс әкімдіктеріне тиісті түсініктемелер жолданды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша жүйеде 250-ден астам қаржы институты тіркелген, олар Ауыл шаруашылығы басқармаларына 1,8 млрд теңге сомасына өтінім берді.

Сондай-ақ оқыңыз